Жаңалықтар



Мәжіліс Парламентінің депутаты Осин Шамиль Абзалетдинович Саран қаласының тұрғындарымен кездесті


фото к новости

Халық арасында референдум бойынша үгіт-насихат жүргізу мақсатында Мәжіліс Парламентінің депутаты Осин Шамиль Абзалетдинович Саран қаласында кездесулер өткізді. Алғашқы кездесу Саран қаласының мәдениет үйінде қала жұртшылығымен орын алды. Кездесу барысында Мәжіліс Парламентінің депутаты референдум өткізу әрбір қазақстандыққа елдің болашақ тағдырын шешуге жеке өзі қатысуға және жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі-жаңа Қазақстанның негізі» деп атап өтіп, Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынған болатын. Онда 33 бапқа 56 түзету енгізу жоспарланған.
Осыған орай халық арасында референдум бойынша үгіт-насихат жүргізу мақсатында Мәжіліс Парламентінің депутаты Осин Шамиль Абзалетдинович Саран қаласында кездесулер өткізді. Алғашқы кездесу Саран қаласының мәдениет үйінде қала жұртшылығымен орын алды. Кездесу барысында Мәжіліс Парламентінің депутаты референдум өткізу әрбір қазақстандыққа елдің болашақ тағдырын шешуге жеке өзі қатысуға және жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу кезінде қала жұртшылығы референдум бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, қала тұрғындарын мазалап жүрген мәселелермен бөлісті. Аталған мәселелердің арасында баға белгілеу және жалақыны көтеру, мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерін оңтайландыру, шахталарда еңбек етушілері үшін зейнеткерлік жасты төмендету бойынша сұрақтар талқыланып, Мәжіліс депутаты тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді.
Қалалық жұртшылықпен кездесуден кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Саран қаласының А. Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде педагогикалық ұжыммен және студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ш.А.Осинь өз сөзінде бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің айқын көрінісі болатынын және аталған конституциялық реформалар «мемлекеттің саяси моделін жүйелі түрде трансформациялауға» бағытталған және «билік тармақтары арасындағы қатынасты жетілдіріп, халықтың ел басқару ісіне араласу мүмкіндігін кеңейтуі тиіс екенін атап өтті.
Жалпы, жиын қатысушылары елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, Конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беруіне ықыластарын білдірді.
Жалпыхалықтық референдум жаңа Қазақстанды дамытудағы салмақты қадам болуға тиіс.


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru