Жаңалықтар
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Шамиль Осин Бұқар жырау ауданы жұртшылығымен кездесті
Өздерініз білетіндей президент Қ.К.Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Республикалық референдум өтетінін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы үкімге қол қойған болатын. Осыған орай бүгін 13 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламент депутаты Осин Шамиль Абзалетдинович Бұқар жырау ауданына іс-сапарымен барып, аудан орталығы Ботақара ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндіру бойынша жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері туралы айтылып, елдегі саяси реформалардың және жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығы атап өтілді.
Өздерініз білетіндей президент Қ.К.Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Республикалық референдум өтетінін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы үкімге қол қойған болатын. Осыған орай бүгін 13 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламент депутаты Осин Шамиль Абзалетдинович Бұқар жырау ауданына іс-сапарымен барып, аудан орталығы Ботақара ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндіру бойынша жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері туралы айтылып, елдегі саяси реформалардың және жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Шамиль Абзалетдинович жиын кезінде көтерілген ауылдық жерлерде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, жастарға арналған бос уақытты ұйымдастыру орындарының жеткіліксіздігі және ауылдық жастардың ЖОО орындарға түсу мәселелері бойынша өз ойымен бөлісті.
Жалпы, жиын қатысушылары елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, 5 маусым күні келіп, Конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беруіне ықыластарын білдірді.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты іс-сапар барысында Ботақара ауылында орналасқан Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі және «Руханият» қосымша білім беру орталығының жұмысымен танысты. Атап айтқанда 2021 жылы «Руханият» қосымша білім беру орталығында ашылған Техносаябақты аралады. Аталған Техносаябақ робототехника, Hi-TeсҺ, жасыл технологиялар және т.б кабинеттерімен қамтылып, жастарды заманауи мамандықтарды оқыту және қосымша білім алу мүмкіндіктерін жасап отыр.
Сондай-ақ, Ботақара ауылын аралау барысында Шамиль Абзалетдинович тәулігіне 320 келушіге арналған салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Кешен аудан жастарының шағын футбол, волейбол, бокс, гір спорты, армрестлинг, шахмат, дойбы, үстел теннисі сияқты спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасайды. Нысанды 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.