Жаңалықтар
Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» кітабының тұсаукесері
Достық үйінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен «Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» атты кітаптың тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. З. Сақтағанованың, Ғ. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры А. Мустояпованың, Ғ. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ассистент-профессоры Ж. Ибраимованың, Ғ. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ассистент-профессоры Л. Харитонованың баяндамалары тыңдалды.

Баяндамада, Кәмел Жүністегі атамыздың кітабынан үзінділер келтірілді,ол жерде: «30-шы жылдардағы қасіретті зерттеудің нәтижесі ретіндегі «Апат» романымды Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ұрпаққа қажетті кітап болар деген ниетпен жаздым. Мәселені зерделемей, әбден түйіндемей, ақылдың таразысынан өткізбей жазуға болмайды... Мен не жазсам да, қай шығарма болса да, тек қана зерттеп жазамын» делінген. Ал, тарих ғылымдарының докторы З. Сақтағанованың айтуы бойынша, кітап жазу барысында 12000 студентке ашаршылық жайында отбасылары білетін мағлұматты анкетаға толтыруға тапсырма берілген. Сол тапсырма арқылы біраз мағлұмат алғандарын ашып айтты. Дөңгелек үстел соңында жоба құрастырушылары кітапқа енген естеліктерді берген азаматтарға алғысын айтты.