Жаңалықтар
Бейбітшілік және келісім жолымен
3 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және келісім жолымен» тележобасы қорытындысының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, аудан, қалалардағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, журналистер клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Бейбітшілік және келісім жолымен» фильмінің мақсаты еліміздің басты құндылықтарының бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін ілгерілету болып табылады және мазмұны мен мағынасы жағынан өте маңызды жоба.
Ол бес циклден тұрады. Олар: Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстанға саяхаттаған бөлігі бір мезгілде 17 аймақта көрсетілді.
Жоба Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі бірлік, бейбітшілік пен келісім саясатының стратегиялық сабақтастығын білдіреді, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі осы саясатты танымдық тревэл-шоудың жаңа форматында қорытындылауға жасалған талпыныстардың бірі болып табылады. Аймақтардың, еңбек ұжымдарының, нақты адамдардың тағдыры арқылы фильм авторлары экономикалық, әлеуметтік және жанды адами мысалдарда бейбітшілік пен келісім саясатының нәтижелерін баяндаған. Өзін Қазақстанның азаматтары мен патриоттары ретінде сезінген түрлі этностар, жас және мамандық иелері бізге бұрынғы Кеңес Республикасының көпэтносты халқын Тәуелсіз Қазақстанның біртұтас халқына біріктірудегі Ассамблеяның тарихи еңбегі мен рөлін айқын көрсетеді.
Фильмнің тағы бір маңыздылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының – Елбасы құрған институттың біріктіруші рөлін ашу болып табылады.