Жаңалықтар



Тұңғыш Президент жолымен – Татулық пен келісім толы 30 жыл


фото к новости

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті, ҚХА Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  ролін айқындайтын «Тұңғыш Президент жолымен – Татулық пен келісім толы 30 жыл» атты ең үздік пост (жазба)  конкурсы

Байқаудың мақсаты - қоғамға мемлекетіміздің татулық пен ынтымақтастық бағытында ұстанған идеясын насихаттап, қолданыс аясын кеңейтуді негізге алып, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Тұңғыш Президент жолы – Татулық пен келісім», «Тәуелсіздік тарихындағы Елбасының рөлі» тақырыптарындағы эссе-пост шығармашылық жұмыстарын қолдау.  Байқауды Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруда. Үздік деп танылғандар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақыға ие болады.
Ереже
Әлеуметтік желілерде «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Тұңғыш Президент жолы – Татулық пен келісім негізі» тақырыбында пост жариялау.
1. Жалпы ереже
Әлеуметтік желілерде «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Тұңғыш Президент жолы – Татулық пен достық негізі» тақырыбында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлінің маңыздылығына арналған жазба жариялау.
2) Конкурсқа әлеуметтік желілерге тіркелген кез-келген Қарағанды облысы аймағының тұрғыны қатыса алады.
2.Мақсаты мен міндеті:
1) Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі жетістіктерді насихаттау.
2) Тәуелсіздіктен жылдарындағы аймақ жетістігін насихаттау;
3) Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мемлекетіне сіңірген еңбегін көрсету.
4) Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстар арасындағы біртұтастық пен достықты нығайтуды дәріптеу
3. Конкурс шарты мен өткізу реті
Байқау 3 номинация бойынша өтеді:
1) «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы»
2) «Тұңғыш Президент жолы – Татулық пен келісім»
3) «Ел Тәуелсіздігі кезеңіндегі Елбасымыздың шешуші рөлі»
4) Facebook и Instagram әлеуметтік желілерінде қолданушылар өз посттарын міндетті түрде #30жыл Тұңғыш Пезидент жолы мен, #30лет Дорогой Первого Президента хештэгімен жариялауы керек.
5)Жазған жазбаның  электронды нұсқасын қазақ және орыс тілінде 2021 жылдың 31 қазаны мен 20 қарашасы аралығында neokaraganda@gmail.com поштасына жіберу шарт.  Байланыс үшін: 900329 телефонына хабарласа алады.
4.Конкурсқа жіберілген материалдардың бағалану өлшемі:
1) Тақырыптың маңыздылығы мен ашылуы;
2) объективтілік және толыққандылық.
3) Жазу шеберлігі, өзіндік қолтаңба.
4) Азаматтық көзқарас.
5) Марапаттау
Жеңімпаз сыйақымен қатар  «Әлеуметтік желідегі «Тұңғыш Президент жолы – Татулық пен келісім» байқауының жеңімпазы» дипломымен марапатталады.


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru