Жаңалықтар
Бейбітшілік, татулықтың пен келісімнің 30 жылы
Қарағандының Достық үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты 29-шы сессиясында берген тапсырмалары талқыланды.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жиынның алғы сөзінде Ассамблеяның негізгі миссиясын, еліміздегі бірлік пен қоғамдағы татулықтың және тәуелсіздік жылдарындағы ҚХА маңызын атап өтті.
Жиынның спикері ретінде биылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Дарын Әбілжанов қатысты. Сондай-ақ, көптеген әлеуметтік бағдарламалардың авторы Алтын Каникар да сөз алды. Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілі Александр Урмашов ел дамуы ынтымақ пен бірліктің арқасында жүзеге асатынын жеткізді.
Жиын соңында қоғамдық келісімді және ынтымақ пен бірлікті сақтауға қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтар Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың алғыс хатымен марапатталды.