Жаңалықтар
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда Ассамблея қызметінің тиімділігі артты
Әр алуан ұлт пен ұлыстың жарасымды татулығы мерекесі қарсаңында өткізілетін Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясын мұқият тыңдап, Төрағамызбен айтылған ұсыныс-кеңестерді ойыма тоқып отырамын.
ҚХА-ның 29-сессиясының басты қорытындыларының бірі Ассамблея Төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру болды. Осы жылдар ішінде Тұңғыш Президенттің Төрағалығы ҚХА қызметіне ерекше мән беріп, оның жұмысына қосымша саяси салмақ қосқаны белгілі. Ұйымның жоғары мәртебесі этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда Ассамблея қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етті. Оның ішінде «Қайырымдылық керуені» акциясын ауыз толтырып айтуға болады. Аталмыш акция бойынша республикада қаншама қайырымды іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Сәтбаев қаласында Достық үйінен ашылған меценаттар клубы пандемия уақыты мен оған дейінгі және кейінгі уақытта қала тұрғындарына әлеуметтік, материалдық көмек көрсетудеміз. Алғаш рет «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциямыз Сәтбаев қаласының 45 жылдығымен тұспа-тұс келіп 45 балаға 50 000 тг. сертификат табысталып, 1 ерекше күтімді қажет ететін балаға 2 бөлмелі пәтер кілті табысталды.
Атаулы қайырымдылық акциясы дәстүрге айналып, 3 жыл ішінде меценаттар клубы 5 отбасыға пәтер кілтін табыстап, 10 000- нан аса отбасыға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетті.
Өзім игі істеріне мүше ретінде атсалысып жүрген Қарағанды облысы ҚХА Кайырымдылық жасаушылар және тәлімгерлер клубында 23 қайырымгер тіркелген.
Қарағанды облысы ҚХА Кайырымдылық жасаушылар және тәлімгерлер клубы COVID-19 коронавирус пандемиясымен күресуге, балалар мен жетімдер үйіне, қарттар үйлеріне, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларына материалдық және қаржылай қолдау жасап, азық-түлікпен қамтамасыз етіп көмек қолын созып отырады. Клуб мүшелері ҚХА-ның «Біз біргеміз»,«Мың алғыс»,«Біз үйдеміз»,«Мектепке жол» т.б. акциялары кезінде ерекше белсенділік таныта білді.
Ағымдағы жылдың 1 мамырынан 22 маусымына дейінгі аралықта ТЖ кезінде «Біз біргеміз!» акциясы бойынша жалпы алғанда 285 393 434 тг. көлемінде көмек көрсетілді.
Қарағанды облысы ҚХА Қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубы Қарағанды облысы ҚХА құрылымдарымен, этномәдени бірлестіктермен бірлесіп 2020 жылыдың 5000-нан астам іс-шара өткізіп, 309 877 510 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Барлық өткізілген іс-шаралар туралы республикалық, облыстық және жергілікті БАҚ пен интернет сайттарда, сонымен қатар әлеуметтік желілерде 2 000-нан астам жарияланым жарық көрді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қаламыздағы меценаттар #30игііс атты қайырымдылық шарасын бастады. Осы бастамамен жыл басынан бастап көптеген көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Сондай – ақ, бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы басталғанын естіп, қала тұрғындарын, кәсіпкерлерді жақсылық жасауға шақырғым келіп отыр.
Игі бастамасын қолдап әрдайым жақсылық жасауға жарысайық ағайын!
Меруерт Бахбергенова
Қарағанды облысы
ҚХА Қайырымгерлер мен тәлімгерлер клубының мүшесі,
жеке кәсіпкер, қайырымгер, Сатпаев қ.