Жаңалықтар
19 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні
Наурызды тойлау декадасының бұл күні ұлттық спортқа арналады. Жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, аударыспақ ұйымдастырылады.
Ал, балалардың асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, қап киіп жарысу, жаяу тартыс, садақ ату т.б. ойындар ойнауына арналып арнайы орындар жасалады.
Сонымен қатар, жастар мен балалардың болашақтағы бес саусағынан өнер тамған шеберлер, жезтаңдай әншілер, мың бұралған бишілер болуы мен металлды жіпше үйірген зергерлік талантын ұштау мақсатында арнайы жарыстар ұйымдастырылады.