Жаңалықтар
«Social trust» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» жобасы өз жұмысын жалғастыруда
Жобаның негізгі мақсаты – қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған, әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға, бизнес негіздерін үйренуге, жеке бизнес ашып, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және инновациялық идеяларды жүзеге асыруға талпынған болашақ кәсіпкерлерге тәжірибелік түрде көмек көрсетіп, кеңес беру.
Екі күндік семинар-тренинг бағдарламасы тәжірибелік жаттықтырушылар және сарапшылар, оның ішінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «Centre AT» жеке мекемесінің өкілдерімен пленарлық презентациялар, пікірталастар мен нетворкингтерді қамтиды.«Green Tal» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі, Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Аскеров Эмин өз жетістігінің тарихымен бөлісіп, шараның ерекше қонағы болып табылады.
Семинар-тренингке өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, жұмыссыз азаматтар, кәсіпкерлер және студенттер қатарынан 65 адам қатысты.