Жаңалықтар
Достық үйінде Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Достық үйінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің, діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада отбасылық құндылықтарды нығайтудың, сондай-ақ мемлекеттің зайырлы негіздерін және дінаралық қатынастарды сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды. Өңірдің бас имамы Өмірзақ Бекқожаның пікірінше, дін кез-келген әлеуметтік құбылыс сияқты, тиісті түсінік пен зерттеуді қажет етеді. «Бұл зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін тоқтатуға көмектесуі керек», - деді Өмірзақ қажы. "Нақты бейбітшілік пен келісім біздің еліміздің табысты дамуының, экономикалық өсуінің және саяси тұрақтылығының негізін қалайды. Қазақстан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша көптеген елдерге үлгі болды. Сондықтан, Елбасының бастамасымен елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткізіліп, онда діни және этникалық қақтығыстарға қатысты өткір мәселелер шешіледі", - деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.
Біздің республикамыз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып рухани келісім идеясын жүзеге асырып, нақты күшке айналдырды. Осыған байланысты спикерлер республиканың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі мен сіңірген еңбегіне тоқталып өтті. Рухани келісім күні - бұл барлық қазақстандықтар үшін маңызды, бірлік пен кешірім, мейірімділік пен өзара түсіністік күні. Ал Ассамблея Қазақстандағы бейбітшілікті нығайтуда баға жетпес рөл атқарады.
«Бірлік пен достықты бейнелейтін басты мерекелердің бірі - бұл Рухани келісім күні. Көптеген діндер мен этностар киелі қазақ жерінде тамыр жайған. Қазақ халқы тағдырдың қалауымен осы қасиетті жерде өмір сүруге мәжбүр болған барлық этностарға әрқашан қамқорлықпен, сүйіспеншілікпен қарады», - деді еврей орталығының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар бір-біріне амандық және татулық тіледі.