Жаңалықтар
Халық қалаулылары Нұра ауданында
Бүгін Қарағанды облысындағы іссапар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева мен Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов Нұра ауданында болып қайтты.
Сапар мақсаты - Нұра ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу. Депутаттар алдымен аудандық құқық қорғау саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.
Іс-сапардың келесі бір нысаны Нұра ауданының көпсалалы колледжі болды. Мұнда оқу орнының ұжымымен таныса отырып, материалдық-техникалық база мен колледж жетістіктерімен танысты.
Жеке кәсіпкердің белсенділігі мен жергілікті әкімшіліктің қолдауымен жуырда ашылған «Family Fitness» клубының тренажерлік залдарын көріп, қайта жөндеуден өткен «Резник» саябағын аралады.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Нұра ауданының «Нұр Отан» партиясының филиалында қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.