Жаңалықтар
Пандемия кезінде екі жыл карантинде қамалғаным аз болғандай, бір жылдай науқасыма байланысты төсек тартып жатып, биылғы жылдың соңында ғана жұмысыма шығып, жан-жағыма қарадым. Келдім. Көрдім. Таңғалдым…
Аталған шара Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыру жолында қоғамды топтастыруға бағытталған. Оған Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар, Қарағанды медициналық және техникалық университеттерінің студенттері, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы "Қоғамдық келісім" мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған шараның ашылуында "Қоғамдық келісім" КММ директор м.а. Д.Б.Малаев алғы сөз сөйлеп, ҚХА құрылымдарымен жұмыс бөлімінің маманы, дөңгелек үстел модераторы Қ.М. Мақсұтов маңыздылығына тоқталды.
Жобаның мақсаты - озық тіл үйрету құралдарының көмегімен этностардың балаларына мемлекеттік тілді үйрету, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру, тіл, мәдениет, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар арқылы балалардың бойында толеранттылық қарым-қатынас әдебін қалыптастыру.
Облысымызда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Қоғам тынысы» этножурналистика байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Республика күнін тойлау мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Ұлтаралық достықты насихаттай отырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі қашанда жоғары.
1. Жалпы ережелер
1.1. БАҚ саласында «Қоғам тынысы» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын жүзеге асыру Іс-шаралар Жоспарын (15 тармақ) орындау мақсатына сәйкес жүзеге асырылады.
1.2. Конкурстың басшылығы:
1) Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы - Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ;
1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.
2. Конкурстың мақсаты және міндеттері
2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды насихаттап жүрген журналистерді және блогерлерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың, БАҚ дамуына жәрдемдесу.
2.2. Конкурстың міндеттері:
1) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу;
2) ақпараттық кеңістікте көпэтносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық үлгілерін ілгерілету;
3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;
5) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.
3. Конкурсқа қатысушылар
3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.
3.2. Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.
4. Конкурс басшылығы
4.1. Конкурс ұйымдастырушысы конкурс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
4.2. Ұйымдастырушы:
- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді(өтетін күнін, уақытын өзгерту т.с.с.);
- қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді;
- конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;
- конкурс қорытындыларын бекітеді;
- http://kelisim.kz/ сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
4.3. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.
4.4. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.
5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі
5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, 2022 жылғы 15-қаңтардан 30-қыркүйеккке дейін БАҚ-та, оның ішінде, этномәдени бірлестіктердің сайттарында, интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле-радиобағдарламалар қабылданады.