Медиация

Мемлекеттік органдардағы заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы 23 Қараша 2017

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Н.Кенжебаеваның төрағалығымен Қарағанды облысының Әділет департаментінің жанындағы мемлекеттік органдардың заң кызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында медиация мәселесі көтерілді 10 Қараша 2017

2006 жылдан бері елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  (ТКШ) жаңғырту жөнінде мемлекеттік бағдарлама қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарлама 2020 жылға дейін жалғаспақ.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша оқыту семинары 08 Қараша 2017

Ағымдағы жылдың 8 қараша күні «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының» ММ тапсырысы аясында «Мир Добра» ҚБ-нің ұйымдастыруымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша оқыту семинары өтті.

Октябрь аудандық сотында медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті 07 Қараша 2017

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Октябрь аудандық сотында медиация институтын дамыту мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Бүгін Әділет департаментінде медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді 02 Қараша 2017

Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Әділет департаментінің бастамасымен медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Ақтоғай ауданында медиация бойынша оқу семинары өткізілді 31 Қазан 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау, дау-дамайларды шешудегі медиация институтының ерекшелігін  насихаттау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 31 қазан күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Ақтоғай ауданында «Медиация – дау-дамайларды шешудің оңтайлы тәсілі» тақырыбындағы оқу семинары өтті.

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды 19 Қазан 2017

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Достық үйінің конференц-залында  Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және «ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою шарасы өтті.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында медиация бойынша дөңгелек үстел өтті 10 Қазан 2017

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Қарағанды облысы  әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында медиация институтын дамыту, соттарда  дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін  қолдануға қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Қарағанды облыстық прокуратурасында медиация бойынша семинар-тренинг өтті 30 Қыркүйек 2017

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні Қарағанды облысының прокуратурасында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ бірлескен бастамасымен «Дауларды реттеудегі медиатор құралдары мен медиация рәсімі негіздері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды 18 Қыркүйек 2017

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қарағанды облысының ҚХА  Достық үйінің  конференц-залында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  және  «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ, Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан медиаторлар Ассоциациясы» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Страницы: 123

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru