Медиация

«Медиация – қоғамның қалыптасуының тиімді институты»


Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау, дау-дамайларды шешудегі медиация институтының ерекшелігін  насихаттау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, 2018 жылдың 16 мамырында Достық үйінде қоғамдық медиаторлардың шеберліктерін шыңдауға арналған: «Медиация – қоғамның қалыптасуының тиімді институты» атты оқыту курстары өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау, дау-дамайларды шешудегі медиация институтының ерекшелігін  насихаттау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, 2018 жылдың 16 мамырында Достық үйінде қоғамдық медиаторлардың шеберліктерін шыңдауға арналған: «Медиация – қоғамның қалыптасуының тиімді институты» атты оқыту курстары өтті. Іс-шараға облыстың қала және аудандардың қоғамдық медиаторлары қатысты.

Оқыту курстары: «Қазақстан Республикасында медиация институтын жетілдіру», «Әлеуметтік және еңбек қатынастарындағы медиация», «Медиация – қоғамның қалыптасуының тиімді институты», тақырыптарына арналды. Сонымен қатар, оқыту барысында медиация бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Модераторлар ретінде оқыту курстарын: Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы, кәсіби медиатор Айнұр Оспан, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының  профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, медиация бойынша тренер Мира Жасқайрат, Қазақстан Республикасының «Қызыл ай» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының директоры, кәсіби медиатор Татьяна Абрамова, «Мир добра» қоғамдық бірлестігінің президенті, кәсіби медиатор Олег Мажура жүргізіп отырды.

Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификат табыс етті.

 

Қарағанды облысы ҚХА

баспасөз қызметі


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru