Медиация

Азаматтық және қылмыстық істер бойынша медиация рәсімін қолданудың өзекті мәселелері


Қарағанды облыстық сотында «Қалпына келтіру әділеттілігінде медиация рәсімдерін қолдану».  Азаматтық және қылмыстық істер бойынша медиация рәсімін қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қарағанды облыстық сотында «Қалпына келтіру әділеттілігінде медиация рәсімдерін қолдану».  Азаматтық және қылмыстық істер бойынша медиация рәсімін қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға  облыс судьялары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.М.Шардарбекова, кәсіби медиатор О.В.Мажура, облыстық прокуратурадан А.А.Макашев, Әділет департаментінен С.К.Мақажанов, А.Т.Оспанов, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасынан, кәсіпкерлер палатасынан Г.Н.Жмук, «Дау-жанжалды реттеу және медиация институты» ЖММ А.Пак, «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінен Е.Т.Абилдин, М.Г.Мажаева, Д.О.Мусипова, К.Е.Жакупбекова, А.Е.Ажмаганбетова, А.Б.Давлатова, Д.Н.Есенгелдинов, «Диалог – Дау-жанжалды шешу орталығы»   Л.Зеленин, О.Дарбеков, С.Кабиева қатысты.
Қарағанды облыстық сотының судьясы Айгүл Дәулетқызы Жүнісова дөңгелек үстелді ашып,  Еуропалық Одақ пен Еуропалық Кеңестің «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін жақсарту бойынша қазақстандық билікті қолдау» бағдарламасының шеңберінде өткізілген семинар-тренингтің қорытындысы бойынша талқыланған мәселелерді көтеріп, өз ойын ортаға салды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық істерді қарау кезінде дауларды шешудің  баламалы әдістерін қолдануға қатысты Қарағанды облыстық сотының жұмысын талдау жасаған облыстық сотының судьясы Маукен Еркеш дөңгелек үстелге қатысушыларды өткен жылдың медиациямен қаралған қылмыстық істер бойынша мәліметтермен таныстырды.
   Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, дөңгелек үстелдегі ұсыныстарды қабылдап, кездесуді қорытындылады.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru