Медиация

Шахтинск қаласында медиация институтын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті


Медиация институтын дамыту және насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 30 қараша күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Қарағанды облысының Шахтинск қалалық сотында дөңгелек үстел өтті.

Медиация институтын дамыту және насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 30 қараша күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Қарағанды облысының Шахтинск қалалық сотында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.М.Шардарбекованың төрағалығымен өтті.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған іс-шараға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің, «Мир добра» ҚБ қызметкерлері, Қарағанды облыстық және Шахтинск қалалық сотының  судьялары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар,  қалалық әкімдіктің, прокуратураның өкілдері қатысты.
Іс-шарада Шахтинск қаласында медиация институтын дамыту жолдары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлардың Шахтинск қалалық сотымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қалалық сотының  төрағасы: медиация институтын кеңінен насихаттау  мақсатында  қалалардағы кинотеатрларда медиация туралы ақпараттық бейнероликтерді тұрақты түрде көрсету туралы ұсыныстары айтып, өз ойын ортаға салды.
Отырыстың қорытындысы ретінде Шахтинск қалалық сотындағы медиация кабинетінде медиаторларды жұмыс жасау тәртібі, кезекшілік ету кестесі, медиаторлар тарапынан тұрғындарға  құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru