Медиация

Саран қаласында «Сіздің қорғанысқа құқығыңыз» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.


Ағымдағы жылғы 28 қараша күні Саран қаласында «Мир добра» ҚБ бастамасымен «Зорлық-зомбылықтың және өзіне-өзі қол жұмсаудың (сенім телефоны) алдын алу жөнінде кеңес беру, психологиялық қызмет көрсету» жобасын іске асыру аясында «Сіздің қорғанысқа құқығыңыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ағымдағы жылғы 28 қараша күні Саран қаласында «Мир добра» ҚБ бастамасымен «Зорлық-зомбылықтың және өзіне-өзі қол жұмсаудың (сенім телефоны) алдын алу жөнінде кеңес беру, психологиялық қызмет көрсету» жобасын іске асыру аясында «Сіздің қорғанысқа құқығыңыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібінде өткір тұрған мәселені талқылауға мемлекеттік органдардың, адам құқығын қорғау ұйымдары мен құқық қорғау және сот органдарының мамандары мен өкілдері қатысты.
Аталған жобаның мақсаты – адам баласын дел-салдыққа ұрындырып, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін алып келуге ұшырататын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын кешенді шаралады әзірлеу болып табылады.
Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде Саран қаласында әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға қатысты кездесіп отырған келеңсіздіктерді шешуде жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік емес ұйымдар арасындағы өзара тығыз қарым-қатынас пен байланысты жолға қою туралы мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жиында сөз алғандар жылма-жыл 25 қарашада халықаралық деңгейде атап өтілетін әйелдерге қатысты зомбылықты жою күнінің соңын ала ұйымдастырылып отырған шараның әлеуметтік мәні мен мазмұнына да кеңінен тоқталып өтті.
Келелі кездесу барысында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.М.Шардарбекова дау-дамайлар мен  отбасылық жанжалдарды шешудегі медиацияның ролін тілге тиек ете келе, алдағы уақыттарда медиация жұмысын жандандыру және оны қолданудың тиімділігі мен пәрменділігін көпшілік арасында кеңінен насихаттау барысында қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы жан-жақты айтып өтті. Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы медиация бөлімінің аймақтағы медиация институтының үйлестіруші ретіндегі қызметі де әңгіме арқауы болды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru