Медиация

Мемлекеттік органдардағы заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы


Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Н.Кенжебаеваның төрағалығымен Қарағанды облысының Әділет департаментінің жанындағы мемлекеттік органдардың заң кызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Н.Кенжебаеваның төрағалығымен Қарағанды облысының Әділет департаментінің жанындағы мемлекеттік органдардың заң кызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.М.Шардарбекова  қатысушылардың назарына облыстық әділет Департаментімен жасалған Меморандумның нәтижесінде медиация институтын дамытуға қатысты атқарылған жұмыстар, Қазақстан халқы Ассамблеясының  тұрақтылықты сақтаудағы ролі және Достық үйі жанындағы медиация бөлімінің қызметі, медиацияның негіздері, артықшылықтары мен өзіндік ерекшеліктері және қоғамға пайдасы туралы жан-жақты тоқталып өтті.
Отырыстың қорытындысы ретінде, Үйлестіру кеңесі отырысының шешімімен мемлекеттік органдардың басшыларына медиация институтын дамыту мақсатында, ақпараттық-насихаттаумен  бірге медиаторлардың қатысуымен іс-шараларын ұйымдастыру, БАҚ-та тұрақты көрсетілетін бейнероликтер шығару, мемлекеттік органдарда өңірдегі медиация орталықтары туралы және медиаторлар реестрі жайлы арнайы ақпараттық стендтер шығару, сонымен қатар қоғам үшін маңызы зор медиация институты туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың сайттарына жариялау, облыстағы орта білім беретін мекемелерде оқытушы, психологтар, социологтармен оқушыларды жалпы медиация институтының негіздеріне оқыту туралы мәселелер ұсынылды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru