Медиация

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша оқыту семинары


Ағымдағы жылдың 8 қараша күні «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының» ММ тапсырысы аясында «Мир Добра» ҚБ-нің ұйымдастыруымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша оқыту семинары өтті.

Ағымдағы жылдың 8 қараша күні «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының» ММ тапсырысы аясында «Мир Добра» ҚБ-нің ұйымдастыруымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша оқыту семинары өтті.
Семинар диалог форматында өтті және қатысушыларға әлеуметік-еңбек  қатынастардың  шеиленістерімен құқық бұзушылықтың алдын алу саласында, теориялық және әдістемелік білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.
Семинардың мақсаты – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласында қызмет атқаратын мамандардың, ақпараттық-насихат жұмыстарымен бірге медиациялық қызметтерді дамыту. Сонымен қатар, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту мен қатар қоғамдағы дау-дамайдың төмендеуіне ықпал ету.
Аталған семинарға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, келісім-шарттық негізде облыстық кәсіподақтар кеңесіне кіретін кәсіподақтар мен өндірістік орындарының басшылары қатысты.
Іс-шараны «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының» ММ талдау, болжамдау және әлеуметтік технологиялар бөлімінің басшысы А.А.Титоренко ашты.
Семинардың модераторы ретінде «Мир Добра» ҚБ Президенті, кәсіби медиатор Т.А.Абрамова қатысушыларға еңбек дауларды реттеу мен алдын алудың бағдарламасын ұсынды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.М.Шардарбекова семинарға қатысушылардың назарына медиацияның негіздері, артықшылықтары мен өзіндік ерекшеліктерді және қоғамға пайдасы туралы жан-жақты тоқталып өтті.
Жалпы отырыстың барысында атап өткендей, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасындағы диалогтың болмауы, еңбек ұжымдарындағы қақтығыстардың туындауының негізгі себебі болып табылады.
Іс-шара соңында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің психиатрия және наркология кафедрасының оқытушысы, суицидолог Д.М.Чекановтың айтуы бойынша: дау-дамайларды алдын алып, оны болдырмау қоғам үшін өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, маңыздысы бір-бірімен сөйлесу, арбитраж қолдану және еңбек дау-дамайларында медиацияны жиі пайдалану керек – деді ол.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі  
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru