Медиация

Октябрь аудандық сотында медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті


Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Октябрь аудандық сотында медиация институтын дамыту мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Октябрь аудандық сотында медиация институтын дамыту мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған алқалы басқосу, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Т.К.Камалиевтің және Октябрь аудандық сотының төрайымы Ә.Т.Марданованың төрағалық етуімен өтті.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған іс-шараға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің қызметкерлері, «Мир добра» ҚБ Президенті Т.А.Абрамова, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Октябрь аудандық сотының судьялары қатысты.
Іс-шарада облыстағы медиация институтын дамыту жолдары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлардың Октябрь аудандық сотымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Келелі кездесудің соңында қатысушылар, халыққа медиация институтын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыруға қатысты ұсыныстарын айтып, бұл бағыттағы негізгі ұсыныс қабылданды.
Отырыстың қорытындысы ретінде тараптармен Октябрь аудандық сотында медиация кабинеті ашылатыны және аталған кабинетте Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлармен құқықтық түсіндіру жасалады деген тұжырымға келді. 
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru