Медиация

Бүгін Әділет департаментінде медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді


Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Әділет департаментінің бастамасымен медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Әділет департаментінің бастамасымен медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған басқосу, Әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Н.Кенжебаеваның төрағалық етуімен өткізілді. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған іс-шараға, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.М.Шардарбекова, облыстық соттың судьясы А.Д.Жүнісова, Қарағанды облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Д.Ш.Қуанышев, Қарағанды облысының Нотариалдық палатасының басшысы Ж.Т.Тоқтарова, ЖММ «Әділет» құқық және психология, медиация орталығының» директоры М.Жасқайрат, Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы Л.Р.Кабирова, «Медиацияны дамыту орталығының» РҚБ ҚФ директоры Е.Т.Әбілдин және «Медиацияны дамыту орталығының» РҚБ ҚФ кәсіби медиаторы М.Г.Мажаева қатысты.
Алқалы бас қосуда, қатысушылар жалпы облыстағы медиацияның дамыту жолдары, атқарушылық іс жүргізу мәселелері мен ынтымақтастық туралы Меморандумның бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, қажетті ұсынымдарды аталған жоспарға тіркеді. 
Келелі кездесудің соңында қатысушылар, халыққа медиация институтын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру ұсыныстарын айтып, сонымен қатар, бұл бағытта Қарағанды облысының білім басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті мамандандырылған бөлімі және сот орындаушыларды бірлесе жұмыс атқару туралы қорытындыға келді. 

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru