Медиация

Ақтоғай ауданында медиация бойынша оқу семинары өткізілді


Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау, дау-дамайларды шешудегі медиация институтының ерекшелігін  насихаттау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 31 қазан күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Ақтоғай ауданында «Медиация – дау-дамайларды шешудің оңтайлы тәсілі» тақырыбындағы оқу семинары өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау, дау-дамайларды шешудегі медиация институтының ерекшелігін  насихаттау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 31 қазан күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Ақтоғай ауданында «Медиация – дау-дамайларды шешудің оңтайлы тәсілі» тақырыбындағы оқу семинары өтті.
Аталған шараға Ақтоғай ауданының әкімі С.М.Әбеуова және ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сонымен қатар Ақтоғай және Шет аудандарының белсенді жастары және Ақтоғай ауданының  барлық ниет білдіруші азаматтары атсалысты.
Оқу семинары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді. Семинардың модераторлары ретінде – Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы, кәсіби медиатор С.М.Шардарбекова, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының  профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Жасқайрат, «Мир добра» ҚБ президенті, кәсіби медиатор Т.А.Абрамова және «Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты» ММ баспасөз хатшысы, Қарағанды облысының 2017 жылғы үздік кәсіби медиаторы Е.Ж.Жәнібеков қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушаларға сертификат табысталды.
Оқу семинарынан кейін Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Ақтоғай аудандық сотында медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелді Ақтоғай аудандық сотының төрағасы М.З.Қасымбеков ашты. Іс-шараға Ақтоғай аудандық сотының төрағасы М.З.Қасымбеков, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы, кәсіби медиатор С.М.Шардарбекова, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының  профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Жасқайрат, «Мир добра» ҚБ президенті, кәсіби медиатор Т.А.Абрамова және «Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты» ММ баспасөз хатшысы, Қарағанды облысының 2017 жылғы үздік кәсіби медиаторы Е.Ж.Жәнібеков, Ақтоғай аудандық сотының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ қатысты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Ақтоғай аудандық сотымен және ауылдық округтерінде медиация кабинеті ашылады деп шешілді. Сондай-ақ аталған кабинеттерде медиация бойынша кеңес беріліп, медиация рәсімін жүзеге асырады.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru