Медиация

Қарағанды облыстық прокуратурасында медиация бойынша семинар-тренинг өтті

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні Қарағанды облысының прокуратурасында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ бірлескен бастамасымен «Дауларды реттеудегі медиатор құралдары мен медиация рәсімі негіздері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Аталған іс-шараға  жоғарыда көрсетілген мекемелердің  өкілдері,  БАҚ өкілдері, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ видео-конференция арқылы облыстың қала және аудандары прокуратураларының қызметкерлері қатысты.
Семинарды Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.М.Шардарбекова ашты. Қатысушыларға медиация бөлімінің мақсаты және қызметі туралы айтылып, медиация бойынша бейнеролик көрсетілді.
Семинар-тренингті «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ Президенті,  ТМД экономикалық сотының халықаралық арашашысы,  «Қазақстан медиаторлар Ассоцияциясының (Одағы)» бас директоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, үйретуші Ж.Ә.Жақыпов жүргізді.
Сондай-ақ семинар-тренингте тараптарды келістірудің түрлі тәсілдері, шет елдердің медиация бойынша тәжірибесі жайында айтылды.
Семинардың қорытындысы бойынша  қатысушыларға  арнайы сертификаттар тапсырылды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Вернуться назад

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru