Медиация

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды


Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Достық үйінің конференц-залында  Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және «ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою шарасы өтті.

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Достық үйінің конференц-залында  Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және «ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою шарасы өтті.
Аталған іс-шараға жоғарыда көрсетілген мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, Қарағанды қаласының кәсіби  медиаторлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Меморандумның мақсаты – Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, медиация саласында тиімді ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мәселелері бойынша нәтижелерге қол жеткізу, медиацияның көмегімен сотқа дейінгі тәртіппен даулы және жанжалды жағдайларды шешу үшін жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытында және сапалы қорғаудың жүйелі шешімдерін табу, сондай-ақ кәсіби медиаторлармен сотталғандар арасында қылмыстық өндіріс  саласында медиацияны қолданудың мүмкіндіктері туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғаларға өз қателіктерін түзетуге немесе келтірілген залалдарын өтеуге мүмкіндік беруге жағдай жасау үшін дауларды (жанжалдарды) шешу саласында медиацияны қолдану арқылы бірлесе жұмыс жасау.
Өзара ынтымақтастық негізінде азаматтық қоғамды дамытуға және қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті қолдауға ықпал ететін медиациялық рәсімдерді жариялау мен насихаттауға байланысты бірлескен іс-шаралар өткізілетін болады. Өзара әрекеттестіктің мәні, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінде және бас бостандығынан айыру орындарында орналасқан  медиатор бөлмелерінде кәсіби медиаторлармен тұрақты түрде бекітілген кестеге сәйкес, жазасын өтеп жатқан тұлғаларды қабылдауды өткізу болып табылады. 

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru