Медиация

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында медиация бойынша дөңгелек үстел өтті


Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Қарағанды облысы  әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында медиация институтын дамыту, соттарда  дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін  қолдануға қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Қарағанды облысы  әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында медиация институтын дамыту, соттарда  дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін  қолдануға қатысты дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараны Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы №2 аудандық сотының  төрағасы А.С.Ибраев ашты.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Т.Камалиев, мекеменің медиация бойынша атқарылған жұмысымен, медация институтын дамыту, ортақ істің нәтижесін арттыру бағытында,  алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар туралы өз ойын ортаға салды.
Бүгінгі өткізіліп отырған келелі басқосу, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьяларының медиаторлар жұмысының пәрмендігін арттыруға, оларға нақты қолдау білдіру мақсатындағы ықлас-ниеттерін айғақтаса керек.
Осыған орай, Тараптар - Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 сотының  төрағасы А.С.Ибраевпен  Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Т.Камалиев, медиация кабинетінде тұрғындарға кеңестік көмек көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсететін медиаторлардың кезекшілік кестесін бекітті.
Сонымен қатар, «Мир Добра» ҚБ президенті, кәсіби медиатор Т.А. Абрамова өзара ынтымақтаса жұмыс атқару бойынша білдірген ұсынысын, жиынға қатысушылар бірауыздан қолдау білдірді. 
Іс-шараға  аталған  мекемелердің басшылары, судьялар мен қызметкерлері, кәсіби медиаторлар, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараның қорытындысы бойынша қажетті ұсынымдар берілді.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru