Медиация

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қарағанды облысының ҚХА  Достық үйінің  конференц-залында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  және  «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ, Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан медиаторлар Ассоциациясы» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты медиацияны және басқа да дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытында және сапалы қорғауға арналған Тараптар арасындағы ынтымақтастық болып табылады.
Өзара ынтымақтастық негізінде азаматтық қоғамды дамытуға және қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті қолдауға ықпал ететін медиациялық рәсімдерді жариялау мен насихаттауға байланысты бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Өзара әрекеттестіктің мәні, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінде және облыс тұрғындары арасында даулы жағдайларды реттеу үшін медиация институтын кеңінен енгізуді қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу жөніндегі өзара іс-әрекет жасау.
Аталған іс-шараға  келісімге қол қоюшы тараптардың  өкілдері, облыстың Этно-мәдени бірлестіктерінің, БАҚ өкілдері,  кәсіби медиаторлар, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы
 
Вернуться назад

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru