Медиация

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды


«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының ғимаратында «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мен  Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арасында  ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының ғимаратында «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мен  Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арасында  ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты медиацияны және басқа да дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мақсатында, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытында және сапалы қорғауға арналған Тараптар арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

Меморандумға қол қою барысында «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Б.Оспанова, Қарағанды облысының ҚХА  секретариатының меңгерушісі Е.Б.Құсайын, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының м.а. Ж.Ж.Базарова, жоғарыда айтылған мекемелердің бөлім басшылары және облыстың кәсіби медиаторлары қатысты.

Өзара ынтымақтастық негізінде азаматтық қоғамды дамытуға және қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті қолдауға ықпал ететін медиациялық рәсімдерді жариялау мен насихаттауға байланысты бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Өзара әрекеттестіктің мәні, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінде және «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде облыстың  кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен бірлесе отырып, тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды өткізу болып табылады.

 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru