Медиация

Қарағанды облысы медиаторларының назарына!


Облыстағы медиация институтын дамыту мен насихаттау, облыс медиаторларының жұмысын көтермелеу және ынталандыру, патриоттық рухын  көтеру мақсатында, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Қарағанды облысының медиаторлары арасында «Үздік медиатор» атағына байқау өткізеді.

Облыстағы медиация институтын дамыту мен насихаттау, облыс медиаторларының жұмысын көтермелеу және ынталандыру, патриоттық рухын  көтеру мақсатында, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Қарағанды облысының медиаторлары арасында «Үздік медиатор» атағына байқау өткізеді.

Аталған байқауға кәсіби және кәсіби емес медиаторларды қатысуға шақырамыз.

І. Байқауды өткізудің ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1. «Үздік медиатор» байқауы  (Бұдан әрі - Байқау) Қарағанды облысының кәсіби және кәсіби емес медиаторларының нәтижелерге қол жеткізген даулар мен жанжалдардың мынадай түрлері бойынша көтермелеуге бағытталған:

• қылмыстық даулар ;

• неке-отбасылық даулар;

• тұрғын үй даулары;

• шарттық міндеттемелер саласындағы даулар;

• залалды өтеу туралы даулар.

ІІ. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Байқаудың мақсаты медиация саласында кәсіби қызметтер ұсынған кәсіби және кәсіби емес медиаторларды анықтау және көтермелеу болып табылады.

ІІІ. ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ МЕН МЕРЗІМІ

3.1. Байқауды өткізу орны:

3.1.1. Байқаудың іріктеуі Қарағанды облысы бойынша өткізіледі.

3.2. Байқаудың өткізілетін мерзімі:

3.2.1. Бірінші кезең – әдістемені әзірлеу және бекіту, сондай-ақ байқаудың іріктеуін өткізу, үміткерлер тізімін қалыптастыру: 2017 жылғы 13 шілдеден 2017 жылғы 24 шілдеге (қоса санағанда)  дейін.

3.2.2. Екінші кезең – Байқау комиссиясының отырысын өткізу және Байқау лауреаттарын анықтау: 2017 жылғы 25 шілдеден 2017 жылғы 27 шілдеге (қоса санағанда) дейін.

3.2.3. Үшінші кезең – байқау лауреаттарын жариялау салтанатты рәсімі:      2017 жылғы 02 тамыз.

ІV. БАЙҚАУДЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

4.1. Байқаудың құрылтайшысы:

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

 4.2. Байқаудың ұйымдастырушысы:

«ЕVЕ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

V. БАЙҚАУ ҮМІТКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1. «Үздік медиатор» байқауы іріктеуінің нәтижелері негізінде байқау комиссиясының мүшелері тарапынан іріктелген Қарағанды облысы аумағында медиативтік қызметті жүзеге асырып жүрген кәсіби және кәсіби емес медиаторлар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары Байқаудың үміткерлері бола алады.

5.2. Үміткерлерді бағалауға қойылатын талаптар:

- медиативтік маңыздылығы: 2011 жылдан бастап 2017 жыл аралығында өткізген ең үлкен медиациялық келісімдер саны.

- аудиторияны қамту республикасы Респу

(қоғамдастық): әлеуметтік желілердегі қоғамдастықтың қатысушылары немесе оқиғалар саны, сондай-ақ, қоғамдастыққа жазылушылар саны.

- жариялылық: оқиғалар бойынша БАҚ-да жарияланған мақалалар мен  хабарламалар саны.

         Қатысуға өтінімдер мен материалдар (портфолио, БАҚ-тағы жарияланымдар, фотосурет және т.б.) 2017 жылғы 24 шілдеге дейін Қарағанды қ. Шахтерлер даңғылы, 64, «Достық үйі», 105-кабинетте қабылданады. Конкурсқа қатысты мәселелер  бойынша 8(7212)25-55-53 телефонына хабарласуға болады.


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru