Медиация

Медиация бойынша оқу курстары


Ағымдағы жылдың 28 маусымында кәсіби емес медиаторлардың әлеуетін келіссөздер жүргізудің инновациялық технологиялары арқылы  арттыруға арналған оқу курстары өтті.

Ағымдағы жылдың 28 маусымында кәсіби емес медиаторлардың әлеуетін келіссөздер жүргізудің инновациялық технологиялары арқылы  арттыруға арналған оқу курстары өтті.
Тәжірибе алмасуға облыстың, қала және аудандардың кәсіби емес медиаторлары қатысты. Оқу курстары: «Медиация ұғымы және тәсілдері», «Медиатор және медиация рәсімдерін жүргізу», «Медиациядағы келіссөздер процестерінің ерекшеліктері және медиацияны қолданудың  шетелдік тәжірибелері» тақырыптарына арналды.
Модераторлар ретінде оқу курстарын - "Медиацияны дамыту орталығы" РҚҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Әбілдин Е.Т және кәсіби медиатор, Е.А.Бөкетов атындағы ҚАРМУ-дің азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының  профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Жасқайрат жүргізді.
Пайдалы курстарда қатысушылар шеберлік сабағынан өтті.Сондай-ақ, медиация және оны қолданудың тиімділігі туралы бейнеролик  көрсетілді.Отырыс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік суреттер табысталды.Сонымен қатар, қонақтарға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің қызметі таныстырылды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru