Медиация

«Медиатор – қоғамға ынтымақтастық пен келісім әкелуші»


Әлеуметтік әлем, салауатты қоғам дегеніміз, бұл – жаза, кек алу, жек көрушілікке қарағанда,  келісім құнды болып табылатын қоғамның ең жоғары құндылықтары.

«Медиаторлар желісін дамыту
соттардың жүктемесін азайтты,
құқықтық мәдениет пен қоғамдағы
құқықтық сананы күшейтті».
Н.Назарбаев

Әлеуметтік әлем, салауатты қоғам дегеніміз, бұл – жаза, кек алу, жек көрушілікке қарағанда,  келісім құнды болып табылатын қоғамның ең жоғары құндылықтары.
Медиация – тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзу мақсатында медиатордың (медиаторлардың) көмегімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсiмi.
Медиатор – Заң талаптарына сәйкес кәсiби және кәсiби емес негiзде медиация жүргiзу үшiн тараптар жүгінетін тәуелсiз жеке тұлға.
Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, оның жүргiзілу қағидаттары мен рәсiмiн, сондай-ақ медиатордың мәртебесiн айқындайтын «Медиация туралы»  Заң 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданды.
Жоғарыда аталған  ҚР «Медиация туралы» Заңының талабы дауды (дау-шарды) шешудiң екi тарапты да қанағаттандыратын тиімді нұсқасына қол жеткiзу; тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету сияқты медиация мақсаттарын анықтайды.
Заңның 1-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше жағдайлар белгiленбесе, медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы iстер бойынша қылмыстық сот өндірісін жүзеге асыру барысында  қолдануға болады.
Даулы мәселелер (дау-шарлар), егер медиация рәсiмiне қатыспайтын үшiншi тұлғалардың және сот әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың мүдделерiн қозғаса немесе қозғауы мүмкiн болған жағдайда; тараптардың бiрi мемлекеттiк орган болса, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға (дау-шарларға); сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстерге қатысты медиация рәсiмi қолданылмайды.
Халықаралық стандарттарға сәйкес медиация рәсімі: ерiктiлiк; медиация тараптарының тең құқылығы; медиатордың тәуелсiздiгi мен бейтараптылығы; медиация рәсiмiне араласуға жол бермеушiлiк; құпиялық  негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасында медиаторлар өз қызметiн кәсiби негiзде (кәсiпқой медиатор) және кәсiби емес негiзде жүзеге асырады.
Медиатор қызметiн кәсiби емес негiзде жүзеге асыру үшін жасы 45-ке толған және кәсiпқой емес медиаторлар тiзiлiмiнде тұруы қажет.
  Қазақстан Республикасында медиатордың қызметi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
«Медиация туралы» Заңның 20 бабының 1 тармағының талаптары бойынша, медиацияны жүргiзу тараптардың өзара келiсiмiне сәйкес, олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады. Медиация туралы көрсетілген шарттың шеңберінде медиаторға медиацияны жүргiзуге байланысты шыққан шығындары өтеледi, сонымен бірге сыйақы түрінде төлемдер төленеді.
ҚР АПК 49 бабына сәйкес, тараптар сотта қарастыратын істі медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісіммен де аяқтай алады. Оған тараптар қол қояды және сот бекітеді.
Тараптардың медиацияға өтініштері азаматтық сот өндірісінің кез келген сатысында болуы мүмкін.
Егер медиация рәсімі барысында тараптар медиативтік келісімге келсе:
•   Медиацияны жүргiзу кезiнде медиация тараптары қол жеткiзген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келiсiм жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды (Заңның 27 б.).
•   Келiсiмнің бір данасы дереу бекіту үшін судьяға жiберiледi (Заңның 27 б. 5 т.).
•   Медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім бекітілгенге дейін судья тараптарға бұл процессуалды әрекеттің салдарын түсіндіреді (ҚР АПК-нің 193 б. 2 т.).
•   Сот келісімді бекітуге ұйғарым шығарады және бір уақытта іс бойынша жұмысты тоқтатады. Ұйғарымда дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің сот бекіткен шарттары көрсетілуі тиіс (ҚР Азаматтық  процессуалдық Кодексінің 193 б. 2 т.).
Медиациялық келісім бекітілген жағдайда, іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазылады (ҚР Азаматтық  процессуалдық Кодексінің 193 б. 2 т.).
Заң шығарушы бұл жағдайда мемлекеттік бажды қайтаруды көздейді (ҚР Салық кодексінің 1-2 тт, ҚР Азаматтық  процессуалдық Кодексінің 106 б. 1 т. 3 т.) және бұл медиация рәсімінің маңызды артықшылығы болып табылады.
Сондай-ақ, медиациялық келісімді, азаматтық істі қараудың апелляциялық және кассациялық сатыларында да жасауға болады.
Сонымен қатар, медиация рәсімі ауыр емес және ауырлығы орташа істер қарастырылатын даулар бойынша қылмыстық сот ісі барысында қолданылады.
Тараптардың азаматтық іс бойынша медиация туралы шарт жасасуы,  қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатпайды.
Қылмыстық процестегі медиация анықтау сатысында да, алдын ала тергеу сатысында да, сонымен қатар сот процесі барысында да жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚР  қылмыстық  процессуалдық Кодексінің 82 б.2 т.5 т. сәйкес, медиатор медиацияны жүргізу барысында өзіне белгілі байланысты болған мән-жайлар туралы куә ретінде жауап беруге міндетті емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев медиацияны қазіргі таңда татуласуға қол жеткізетін ең тиімді институт деп санайды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де азаматтармен қабылдау өткізетін медиация бөлімі құрылған. Бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. 8 (7212) 25 55 53 телефоны арқылы медиация мәселелері бойынша кеңес алуға болады.
Мәселен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аталған бөлімге кеңес алу және ҚР «Медиация туралы» Заңын түсіндіру мен қолдануға байланысты  34 адам жүгінді. Медиация бөліміне жүгінген барлық азаматтар әдістемелік және тәжірибелік көмек алды.
Өз кезегінде мекеменің сайтына медиация бөлімі тарапынан Қарағанды облысының кәсіби және кәсіби емес медиаторларының деректер базасы орналастырылды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де жоспарланған және өткізілетін іс-шаралар мекеменің ресми сайтында жарияланады. Онда кез-келген азамат медиация бөлімінің қызметімен егжей-тегжейлі таныса алады және іс-шараларға қатысу мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын қалдыра алады.
Сөз соңында айтарым, медиатор – ол  ынтымақтастық орнатушы. Бейбітшілік пен тыныштықты отбасымызда ғана емес, мемлекетте де сақтау – Сіз бен бізге байланысты.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
медиация бөлімінің басшысы       С.Шардарбекова
 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru