«Дагестан» Ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы

Рамиз Ширинович Ширинов - «Дагестан» Ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.

«Дагестан» Ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 2006 жылы құрылды.
«Дагестан» ұлттық-мәдени  орталығының басты мақсаты:
- дағыстан халқының тарихын, мәдениетін, ана тілі мен салт-дәстүрлерін сақтап қалу мен дамыту, қайта жаңғырту;
- Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамаларын жүзеге асыру;
- шығармашылық ұжымдарды құрып, қызметін белсенді атқару;
- қайырымдылық көмек көрсету.
Бірлестіктің шығармашылық ұжымы облыста және республикада өткізілетін шараларға белсенді атсалысып келеді.
Орталықтың би ұжымы этномәдени бірлестіктер арасында өткізілген республикалық байқаулардың лауреаты. Ұжымның репертуарында Дағыстан Республикасы мамандары мен облыс хореографтары қойған кәсіби билер бар.  
Дағыстан этномәдени бірлестігі белсенділері жүзеге асырған жобалар мен іс-шаралар:
- Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Жас көшбасшы» облыстық байқауы;
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы – мәдениаралық диалог мектебі» тақырыбындағы облыстық интеллектуалды байқауы;
- «Этносаралық толеранттылық – этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдардың жұмыс әдістемесі» тақырыбындағы облыстық семинар;
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы – азаматтық қоғам институты: даму кезеңдері» тақырыбындағы облыстық интеллектуалды байқауы;
- «Қазақстандық патриотизм – облыстық этномәдени бірлестіктер жұмыстарындағы артықшылық» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
- «Облыстық этномәдени бірлестіктеріндегі ана тілі мен мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру» облыстық семинар;
«Дагестан» Ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы сайтының мекен-жайы - www.Dagestan.kz


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru