«Джорджия-2007» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

Григорий Гивиевич Долидзе - «Джорджия-2007» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі.

«Джорджия-2007» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 2007 жылы тіркелген.
«Джорджия-2007» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мақсаты:
- этносаралық қарым-қатынасты жетілдіруге атсалысу;
- Қарағанды облысы территориясындағы тұрғылықты этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін өзара байыту;
- қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы демократиялық өзгерістеріне бірлестік мүшелерін жұмылдыру;
- қоғамдық маңызы бар шараларға қатысу;
- грузин тілін меңгеру дәрежесін көтеру.
ҚР Президенті жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары материалдарын ақпараттық түсіндіру тобында армян орталығының белсенділері қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Орталық мүшелері Спасск мемориалды кешенінде қуғын-сүргінге ұшыраған грузин азаматтарына ескерткіш тақтайларын орнату үшін көп жұмыстар атқарылды.    
«Джорджия-2007» грузин қоғамдық-мәдени орталығы жанынан Қарағанды, Теміртау қалаларында құрылған хореографиялық ұжымы облыста өткізілетін қоғамдық-мәдени іс-шараларға үнемі атсалысады.


 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru