«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі

Увайс Хаважиевич Джанаев - «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған.

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі 1995 жылы құрылған.
Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің негізгі мақсаты этносаралық келісімді сақтау, аймақта тұрып жатқан өзге этникалық топтардың өкілдерімен мәдени және қоғамдық байланысты дамыту, ана тілін, ұлттық мәдениетті және дәстүр-салтты дәріптеу,  Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамаларын жүзеге асыру.
1997 жылдың наурыз айында «Вайнах» этномәдени бірлестігі «Вайнах» республикалық Ассоциациясының құрамына енді.
Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері өскелең ұрпақты ұлттық мәдени құндылықтарға баулып, қазақстандық патриотизмді сіңдіруде үлкен жұмыстар атқаруда.
Шешендер мен ингуштар мәдени-әлеуметтік өмірге белсенді араласады. Қазақстандағы өзге ұлттармен халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған әртүрлі шараларға атсалысады. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің облыстағы қалалар мен аудандарда филиалдары бар. Орталық өкілдері мәдени-ағартушылық жобаларға, халық шығармашылығы байқауларына қатысушы.
Орталық мүшелері спорттағы үлкен жетістіктерімен мақтана алады. Ірі жарыстарда Қазақстан мен Қарағанды облысының намысын сан рет қорғап жүрген жайы бар.
«Вайнах» этномәдени бірлестігінің би ұжымы республика көлеміне танымал. Түрлі концерттер мен фестивальдерде мақтау қағаздарымен, жүлделермен марапатталып жүр.
«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі депортацияға ұшыраған шешендер мен ингуштарға арналған үлкен жұмысты атқарды. 2015 жылдың 10 шілдесінде облыстық мұрағаттың қолдауымен «Нас породнила Сарыарка» кітабын жарыққа шығарды.
Орталықта тіл үйрететін курстар өткізіледі, сондай-ақ, меншікті сайт жұмыс істейді - www.vainahkrg.kz


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru