«Бірлік» Қарағанды облысы өзбек мәдени-этникалық орталығы» қоғамдық бірлестігі

Бахтияр Серикбаевич Исхаков - «Бірлік» Қарағанды облысы өзбек мәдени-этникалық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қарағанды қалалық Мәслихаты IV-V шақырылымының депутаты, Достық ордені ІІ дәрежесінің иегері.

«Бірлік» Қарағанды облысы өзбек мәдени-этникалық орталығы» қоғамдық бірлестігі 2006 жылы құрылды.
Облыстық өзбек этномәдени орталығының негізгі мақсаты өзбек халқының тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап, қайта жандандыру. Орталық жұмысының басты бағыттары: этносаралық келісімді нығайту, аймақта тұрып жатқан өзге этникалық топ өкілдерімен мәдени және қоғамдық байланыс орнату. Бірлестік төрағасының басшылығымен шығармашылық ұжым бейбітшілік пен халықтар достығын арттыруға бағытталған іс-шаралар мен ұлттық мәдениет фестивальдеріне белсенді қатысушы. Этномәдени бірлестік Қазақстан халықтары достығын нығайтатын кештерді ұдайы ұйымдастырады. Бірлестік бастамасымен Қарағанды қаласында мәдени-эстетикалық тәрбиеге баулитын гүлдер фестивалін жылдар бойы өткізіп келеді.
Қоғам мүшелері облыстың саяси-қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев атқарып жатқан мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатты қолдау мақсатында республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік-экономикалық реформаларды, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттап, дәріптейтін материалдар жариялап тұрады.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Оларды өзбек халқының мәдени құндылықтарына баулу, қазақстандық патриотизмді сіңдіріп, отанға ыстық ықылас пен құрметті қалыптастыру жұмыстарына ерекше көңіл аударылуда. Қоғам төрағасы балалар үйіне, ардагерлер мен мүгедектер қорына, аз қамтылған азаматтарға қолдау жасап, демеушілік көрсетеді.
 


 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru