Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігі
Пётр Михайлович Ломей - Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктесітігінің төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігі 1991 жылдан бері қызметін жалғасытырып келеді.
Бірлестік қызметінің жетістігі ана тілін, тарихын оқып, украин мәдениетін дамытып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты қайта жаңғырту, тарихи отанмен байланыс орнату, өзге этномәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтар достығын нығайту.
Облыстық «Рідне слово» украин серіктестігі басқа этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыста. Облыста өткізілетін барлық іс-шаралар, Қазақстандағы халықтардың өз мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға зор мүмкіндіктері бар екенін білдіреді. Украин қоғамы Сәтпаев қаласында жемісті жұмыс істейді, Жезқазған қаласы мен Нұра ауданында украин мәдениеті орталықтары құрылды. Сондай-ақ, бірлестік жанынан жастар қанаты белсенді қызмет етеді.
Қоғам өзінің ардагерлер хорымен, вокалдық топтарымен мақтана алады. Украин тілін, әдебиетін, тарихын оқытатын демалыс мектептері де жұмысын жалғастыруда.
Қоғам белсенділері Рождество, Пасха, Аналар күні мерекелерінде кездесулер мен концерттер ұйымдастырады. Көркемөнер ұжымы да республикалық және облыстық іс-шаралардың қатысушылары.
Ең үздік жобалардың бірі – Тарас Григорьевич Шевченконың 200 жылдығын тойлау. Бұл айтулы күнге орай Қарағанды мектеп оқушылары арасында байқау жарияланды. Аталмыш байқауда 28 мектеп пен 3 интернаттан 275 оқушы қатысты.
Украин тілі серіктестігі демалыс мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етіп отыратын Қазақстандағы Украина Елшілігімен тығыз қарым-қатынаста. Елшілік үнемі Украинаның ішкі және сыртқы саяси өмірінен хабардар ететін ақпараттық бюллетеньдерді жіберіп отырады.
Қоғам мүшелері ҚР Президенті Жарлығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының негізгі тұжырымдамаларын ақпараттық насихаттау жұмыстарына белсенді атсалысады.