«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы
Бинали Байрам-оглы Атаев, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы 2007 жылдың қаңтарында құрылған.
Орталықтың негізгі мақсаты түрік тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін, түрік ұлтының әдет-ғұрпын, рухани құндылықтарын сақтап, дамыту.
Бірлестік жанында түрік тілін оқыту сыныбы, жастар клубы, би ұжымы жұмыс атқарады.
Республика және облыс масштабына өткізілетін мәдени іс-шараларға, сондай-ақ, саяси-қоғамдық және қайырымдылық акцияларына қоғамдық бірлестік мүшелері белсенді атсалысады.
«Ахыска» карағандылық түрік орталығы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, мәдениет, білім мекемелерімен берік байланыс орнатып, облыстағы басқа этномәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынаста.
Көп жылдар аралығында бірлестік төрағасының жетекшілігімен этнос және конфессияаралық келісімді дәріптейтін өзекті шараларды бірқатары орындалды, әсіресе түрік этносының мәдениеті мен әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосылды. ҚР Президенті Жолдауының негізгі тәртібін ақпараттық насихаттау жұмыстарына белсенді араласты.
«Ахыска» этномәдени орталығы 2015 жылы Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен аудандарға елеулі көмек көрсетті. Белсенділер
1 200000 тенге көлемінде қаржылай демеушілік көрсетті.