«Ихлас» Қарағанды облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі
Хакимов Рифат Исмаилович, тел номер; 8707 730 43 65, «Ихлас» Қарағанды облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
«Ихлас» Қарағанды облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі 1994 жылы тіркелген болатын.
Орталықтың қызметі ана тілін қайта жаңғыртуға, Татарстан Республикасының тарихын, әдебиеті мен мәдениетін оқуға, Қазақстанда тұрып жатқан халықтар достығын нығайтуға бағытталған.
Этномәдени бірлестік төрағасының дәнекер болуымен Татарстан Білім министрлігі мен Қарағанды облыстық Білім басқармасы серіктестік жөнінде Келісімге қол қойды.
Этномәдени бірлестік мүшелері облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, Қазақстанның этноұлттық саясатын насихаттауға зор үлес қосып жүргендердің бірі.
Орталық мүшелері облыстық басылым беттерінде этносаралық қарым-қатынасты дамытудағы өзекті сұрақтарды көтеріп жүр. Қазан қаласында өтетін жыл сайынғы Жалпыәлемдік татарлар конгресіне қатысады.
«Ихлас» бірлестігі жастарды тәрбиелеуде және олардың бойына мәдени құндылықтарды, қазақстандық патриотизмді сіңдіріп, отанға деген сүйіспеншілікке баулуда үлкен жұмыс жасауда.
Қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшелері ҚР Президенті Жарлығының негізгі тұжырымдамасын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларының қорытындысын дәріптеу мен насихаттауға белсенді атсалысып келеді.
Облыстық татар-башқұрт этномәдени орталығы шығармашылық ұжымы этносаралық қарым-қатынас пен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған облыстық акциялар мен фестивальдерге қатысушы.
Қарағанды қ. Орталық мәдениет және демалыс саябағында жыл сайын өткізілетін «Сабантуй» халықтық мерекесі барлық қарағандылықтардың ұлтаралық мерекесіне айналды.