«Согласие» орыс мәдени орталығы» қоғамдық қоры

Валерий Николаевич Рожков - «Согласие» орыс мәдени орталығы» қоғамдық қорының директоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

«Согласие» қоры 1996 жылдың наурызында тіркелген болатын. 1996 жылдың сәуір айында орыс мәдени орталығы құрылды.
Қоғамдық бірлестіктің басты мақсаттары:
- орыс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін жандандыру мен дамыту;
- ана тілін, әдет-ғұрпын, халықтық ырым-жоралғыларды сақтап қалу;
- ұлттық мерекелерді, фольклорлы фестивальдер мен танымдық байқауларды ұйымдастыру;
- білім бағдарламаларын жүзеге асыру;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыс орнату.
Мәдени орталық өзге этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыс орнатқан. Орталықтың жұмысында музыкалық театрдың әншілері мен музыканттары, Тәттімбет атындағы музыкалық колледж студенттері мен оқытушылары, «Теміржолшылар» мәдениет сарайының орыс әндері хоры,
Г. Суворованың сән театры, Абай қаласының орыс әндер хоры қатысатын кәсіби шығармашылық ұжымдар атсалысады.
Жыл сайын славян мәдениетін тойлау, халықтық ұжымның қатысуымен қатар бейнелеу өнері көрмесі де ұйымдастырылады. Көрермендермен кездесуде суретшілер бейнелеу өнерінің мәдени және рухани негізі туралы әңгімелеп, оның жағымды әсерін әңгімелеп береді.
«Согласие» орыс мәдени орталығы» қоғамдық қоры Жезқазған, Саран, Шахтинск, Балхаш қалалары мен Бұхар-Жырау, Нұра аудандарындағы басқа славян орталықтарымен жақсы қарым-қатынас орнатқан.
 


 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru