«Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамы
Виталий Альбертович Хмелевский - «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Қазақстан поляктар Кеңесі төрағасы орынбасары.
«Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамы 1991 жылдың қарашасында тіркелді.
Поляк қоғамының негізгі қызметі – білім, мәдени-ағартушылық жұмыстарымен айналысу, поляк дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту мен дамыту, көрме, концерт, байқауларды өткізу, көркем өнерді дамыту, жастарды Польша жоғарғы және орта оқу орындарына дайындау.
Қазақстан және Польша Білім министрлігі арасындағы серіктестік келісім орнағанына 15 жылдан асты. Тығыз байланыстың нәтижесінде Қарағанды мекткептеріне үлкендер мен жастарға поляк тілін оқытуға поляк оқытушылары арнайы келеді.
«Полония» облыстық қоғамының көркем өнер ұжымы Польшада өткен халықаралық фестивальдерде облысымыздың намысын қорғап жүр, республика мен облыс аясында өткізілетін қазақстандық патриотизм мен этносаралық толеранттылықты тәрбиелейтін іс-шаралардың қатысушылары.
«Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасы аясында этномәдени бірлестігі Қазақстан халықтары бірлігі мейрамына арналған мерекелік үлкен шара ұйымдастырды. «Қазақстандық патриотизм – облыстық этномәдени бірлестіктер жұмыстарындағы бастапқылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу үлгілі үрдіске айналды.
Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың елімізде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілігі мен келісіміне бағытталған сарабдал саясатына дөңгелек үстел қатысушылары толыққанды қолдау көрсететіндерін білдірді.