«Видергебурт» Неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамы

Виктор Эдуардович Кист - «Видергебурт» Неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Достық» ордені ІІ дәрежесінің иегері, экология ғылымдарының докторы.

«Видергебурт» Неміс орталығы» (Возраждение) Қарағанды облыстық қоғамы 1992 жылы тіркелген.
Неміс қоғамдық ұйымы облыстағы белсенді бірлестіктердің бірі. Түрлі халықтардың мәдениетіне өзара сіңісу арқасында Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтары бірлігі күні неміс ұлттық мерекелерінің ішінде ерекше орын алады.
Этномәдени бірлестіктің мақсаты неміс халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қайта жаңғырту. «Volksguelle» неміс ұлттық билері ансамблі, Теміртау қ. «Танцующая долина» би ұжымы, «Musikwelle" и "Volksstimme» вокалдық тобы облыста танымалдылыққа ие. «Volksguelle» Германияда, Ресейде өткізілген халықаралық фестивальдер мен байқауларда облыстың намысын қорғап жүр, республикалық достық фестивальдеріне белсенді атсалысады.
Уақыт өте келе этномәдени бірлестік жұмыстарының бағыты барынша кеңейді: неміс білім кешені, кездесу орталығы, жастар клубы, кеңесші және аударма бөлімі, гитаристер студиясы және т.б. Қарағандылық немістер қызметтерінің әртүрлі саласында біліктілігін арттыратын ақпараттық-білім орталығы республикадағы ең үздік мекеме болып танылды.
«Эрфольг» оқыту орталығында 14 ұлттың балалары бірнеше тілді меңгере алады: қазақ, неміс, орыс, ағылшын.
Неміс қоғамында қарттарға көмектесуге ерекше назар аударылады. Қарттар мен олардың отбасы мүшелеріне мүгедек арбасымен, есту аппараттарымен, дәрі-дәрмек және дәрігерлердің қызметін ұсынумен көметеседі. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік көмек көрсетеді.
Қоғам жанынан неміс жастарының клубы жұмыс істейді, сонымен бірге көрші Саран, Абай, Теміртау, Шахтинск қалаларында клубтың филиалдары орналасқан.
2014 жылдың қазанында Академиялық музыкалық комедия театрында «Видергебурт» Неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамының 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында неміс қоғамы және оның филиалдары қөлөнер шығармашылығының көрмесі қойылды, «Язык отцов – родник надежды» атты кітап көрмесі де көрерменнің назарына ұсынылды. 
 


 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru