«Казачья вольница» қоғамдық бірлестігі

Семен Вячеславович Раков - «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. 

«Казачья вольница» қоғамдық бірлестігі Қарағанды қаласында 2011 жылы тіркелген болатын.
Бірлестіктің негізгі мақсаты:
- Қазақстан халықтары бірлігін нығайту, қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен дамыту;
- қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлес қосу, жастарды адамгершілікке тәрбиелеп, рухани байыту;
- этникалық топтардың салт-дәстүрін және ұлттық ерекшелігін дамыту мақсатында тарихи кұндылықтарды сақтап қалу және қайта жаңғырту.
Қоғам мүшелері казактардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қайта жаңарту. Қоғам жанынан «Казачья вольница» шығармышылық тобы жұмыс істейді. Оның қатысушылары облыстық және республикалық іс-шараларға белсенді қатысып жүр. «Казачья вольница» шығармашылық ұжымының 5 жылдығына арналған мерейтойлық концертті лайықты өткізді.
Казак қоғамы жастармен тығыз жұмыс жасайды, оларға жауапкершілік сезімін сіңдіріп келеді. Балалар үйінде қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып тұрады. Қарағанды қаласының Орталық саябағында жыл сайын өткізілетін «Масленица» дәстүрлі мерекесін облыс тұрғындары жаппай тойлайды.
Этномәдени бірлестік қызметі патриоттық тәрбиеге, ортақ тарихқа, мәдениетке құрметті қалыптастыру, ел болашағына жауапкершілікпен қарауды белсенді насихаттап келеді.
 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru