Қарағандыоблысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарап тамалық топ туралыереже


Қарағандыоблысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

1. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ – Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының аналитикалық-кеңестік органы болып табылады.
2. Ғылыми-сараптамалық топ өз қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңды, сондай-ақ, басқа да ҚР заңдары мен Қазақстан Республикасы Президенті актлерілерін, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережені және осы ережені басшылыққа алады.

  1. Ғылыми-сараптамалықтоптыңміндеттері

Ғылым и сараптамалық топтың негізгі міндеттері мынадай:
1. әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, этносаралық және конфессия аралық қатынастардың даму үрдістерін эксперттік бағалау, қоғамдық келісім саласындағы жағдайға болжау жасау;
2. қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары бойынша Қарағанды облысы ҚазақстанхалқыАссамблеясықызметін ғылыми-эксперттік сүйемелдеу;
3. өңірдегі этносаралық, конфессия аралық қатынастар саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды ат салысу;
4. қазақстандық қоғамның біртұтастығын нығайту, ұлтаралық келісімді сақтау бойынша – демократияны дамытудағы азаматтық институт ретінде Ассамблея рөлін арттыруға ат салысу.

ІІІ. Ғылыми-сараптамалық топтың функциялары
3.1. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасын өңірде қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат саласындағы жағдайды ғылыми-сараптамалық бағалау бойынша ақпараттармен, материалдармен қамтиды;
2) Қазақстан халқы Ассамблеясы уәкілеттілігіне жататын  мәселелер бойынша бағдарламаларға, заңдарға және басқа да  нормативтік-құқықтық актілерге талдау және сараптамалық бағалау жүргізеді;
3) өз қызметі аясындағы мәселелер бойынша ғылыми мекемелермен, қорлармен, ҮЕҰ, БАҚ және де басқа ұйымдармен байланыс орнатады;
4) қажет жағдайда нормативті-құқықтық актілер жобаларын қоғамдық бақылау шараларына қатысады;
5) облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдің ғылыми интеллигенциясымен ынтымақтастықты дамытуы және Ассамблея қызметінің БАҚ-та жариялануы бойынша қызметтерді жүргізу;
6) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерттеу және тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ, осыған ұқсас шетелдік құрылымдармен байланыс орнатады.

IV. Ғылыми-саратамалық топтың құрылымы мен құрамы
1. Ғылыми-сарапатамлық топ құрамына төраға, оның екі орынбасары, хатшы және ғылыми-сараптамалық топ мүшелерікіреді.
2. Топ төрағасы, оның орынбасарлары, хатшы және ғылыми-сараптамалық топ мүшелері міндеттерін орындау қоғамдық бастама ретінде жүргізіледі.
3. Ғылыми -сараптамалықтоп төрағасы – Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің ғылыми-сараптамалық бағыты бойынша сарапшы болып табылады.
4. Ғылыми - сараптамалық топқа өз келісімдері бойынша этномәдени бірлестіктер, ғылым және білім беру ұйымдарының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері кіре алады.
5. Ғылыми - сараптамалық топқа артылған міндеттерді орындау тиімділігін арттыру үшін секциялар құрылып, қызметтерінің негізгі бағыттары анықталады. Ғылыми-сараптамалық топ төрағасы секция жұмысының бағыты, саныжәне жетекшілердің кандидатурасы жөнінде ұсыныстар жасайды.

V. Ғылыми - сараптамалық топ қызметін ұйымдастыру
1. Ғылыми - сараптамалық топ Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
2. Ғылыми-сараптамалық топ туралы ереже және топ құрамы Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен бекітіледі.
3. Ғылыми-сараптамалық топ шешімі ұсыныс сипатында жүреді.
4. Ғылыми-сараптамалық топ отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына екі реттен аз емес.
5. Ғылыми-сараптамалық топ отырысы мүшелерінің жартыснан көбі қатысқан жағдайда өткізілуге құқылы.
6.Шешімдер ашық дауыс беру арқылы, Ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің басым дауысымен қабылданады.

 

VI.Ғылыми-сараптамалық топтың тұрақты жұмыс органы
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық топтың тұрақты жұмыс органы болып Қарағанды облысы аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі болып табылады:

  1. Ғылыми-сараптамалық топ жұмысын ұйымдастыру, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобы отырыстарына жұмыс материалдарын әзірлеу;
  2. облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобы жоспарларының жүзеге асуын бақылау;
  3. уәкілетті мемлекеттік органдармен, ғылыми ұйымдармен, қорлармен, кеңестік және сараптамалық кеңестермен және басқа да ұйымдармен байланысты жүргізу;
  4. Ғылыми-сараптамалық топ мүшелерін отырыс жұмысы жайлы хабардар ету және қажетті материалдарды сұрату;
  5. Ғылыми-сараптамалық тобы жұмыс орнының жетекшісі Ғылыми-сараптамалық топтың хатшысы болып тағайындалады.

Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі Ғылыми-сараптамалық топтың құзіретіне жататын мәселелерді жедел шешу мақсатында тұрақты жұмыс органының міндетін атқарады.

VІI. Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы

  1. Ғылыми - сараптамалық топтың жұмысына жалпы басшылық жасайды және топ отырыстарына жетекшілік етеді;
  2. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы шешімімен тағайындалады;

3. Ғылыми - сараптамалық топ қызметін жоспарлайды, отырыстарды жүргізеді, конференция, семинар, сараптамалық кездесулер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысады;
4. Ғылыми - сараптамалық топтың уәкілетіне жататын ғылыми зерттеулер бағдарламасын бекітеді;
6. Ғылыми - сараптамалық топтың уәкілетіне жататын мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да құрылымдарымен байланыс жасайды.

VIІI. Ғылыми - сараптамалық топтың хатшысы
1. Ғылыми - сараптамалық топтың хатшысы қызметін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми - сараптамлық тобының тұрақты жұмыс органының жетекшісі атқарады;
2. Ғылыми - сараптамалық топтың ұйымдастырушылық қызметін атқарады, отырыс хаттамаларын рәсімдейді, топтың жұмыс материалдарын әзірлейді;
2. Ғылыми - сараптамалық топтың жұмыс жоспарының жүзеге асуын бақылайды;
3. Ғылыми ұйымдармен, қорлармен, ҮЕҰ, БАҚ және басқа да мекемелермен байланысты іске асырады;
4. Ғылыми-сараптамалық топ мүшелерін отырыс жұмысы жайлы хабардар етеді және қажетті материалдарды сұратады.

ІХ. Ғылыми - сараптамалық топ мүшелерінің құқықтары
Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі топ отырысында ұсынылған кандидаттар тізіміне сәйкес сайланады және бекітіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі болып тиісті ғылыми (академиялық) дәрежесі бар жетекші сарапшылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тағайындала алады.
8.1 Ғылыми - сараптамалық топ қызметінің барлық формаларына қатысу:
1) Ғылыми – сараптамалық топ жұмысы аясында талқыланатын мәселелерде өз көзқарасына шық білдіру, ұсыныстар енгізу;
2) Белгіленген тәртіпте, Ғылыми - сараптамалық топ жұмысына қатысты Ассамблеяның қажетті дерек қорын пайдалану;
3) Ғылыми – сараптамалық топтың қызметін жетілдіру бағытына үлесін қосу.
8.2. Ғылыми - сараптамалық топ мүшелері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дамытуға және Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуге бағытталған мақсаттағы қаражат есебінен іс сапарларға жіберілуі мүмкін.

Х. Ғылыми - сараптамалық топ жұмысы Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы берген тапсырма негізінде ағымдағы және алдағы жоспар бойынша жүзеге асады, жоспар Ғылыми - сараптамалық топ отырысында бекітіледі.

XІ. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми - сараптамалық тобыталдау және сараптамалық жұмыстарға басқа ұйымдарды, этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы мамандар мен сарапшыларды тарта алады.

XІI. Ғылыми-сараптамалық топ тарапынан жұмыс нәтижесі бойынша тоқсандық және жылдық қорытынды есептер дайыналады. Жұмыс жоспары және атқарылған жұмыстар есебі Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми - сараптамалық тобы отырысында бекітіледі.


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru